ҚР Ұлттық банкі 500 теңгелік жаңа купюраны таныстырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - ҚР Ұлттық банкі бүгіннен бастап 500 теңгелік жаңа купюраны айналымға шығарды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл - «Қазақ елi» сериясы бойынша шыққан алтыншы купюра.

Қағаз ақшаның дизайны бұрынырақ шыққан жоғары номиналды ақшалардың дизайнына сəйкес.

Ақшаның бір бетінде Қазақ елі монументі мен көгершіндер бейнеленген. Екінші бетінде Каспий теңізі бейнеленген. Түс реңі өзгермеген.

"Ақшадағы жазу кириллица қарпімен басылған. Себебі, дизайн бойынша жұмыстар 2015 жылы жүргізілген. Купюраны басып шығару - ұзақ жүретін процесс",- деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев. 

null 

Ескі дизайндағы 500 теңгелік ақша 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін айналымда жүреді. Мерзім жеткен соң купюра айналымнан алынады.

Соңғы жаңалықтар