ҚР Ұлттық Банкі 270,4 млн. АҚШ доллары көлемінде валюталық өктемдік жүргізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан қор биржасының сауда-саттығында 270,4 млн. АҚШ доллары көлемінде валюталық өктемдік жүргізді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кету керек, кеше ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдаған болатын.

«Қазақстанда валюта нарығына қатысушылардың алыпсатарлық операцияларының салдарынан теңгенің айырбастау бағамының құбылмалылығы өсе түсуде. Ал оның бұлайша құбылуына негіз болатындай іргелі макроэкономикалық факторлар объективті және елеулі тұрғыда өзгеріп жатқан жоқ. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылдың 16-шы қыркүйегінен бастап, ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Осылайша, ҚР Ұлттық Банкінің валюталық өктемдігінің көлемі 2015 жылдың 16-шы қыркүйегінде 144 млн. АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар