ҚР Ұлттық банкі: 2015 жылғы 9 айда тікелей инвестициялардан таза түсім $3,6 млрд. құрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі сайтында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 айдағы төлем балансын және теңгенің 2015 жылғы 10 айдағы нақты айырбастау бағамын алдын ала бағалауды жариялады.

Ағымдағы операциялар шотының тапшылығы 4 млрд. АҚШ долларын құрады. Өткен жылы бұл кезеңде профицит 6,1 млрд. АҚШ доллары болған еді.

Сауда балансы 2015 жылғы 9 айда оң болып қалыптасты. Биыл өткен жылғы 9 айдағы көрсеткішпен (30,6 млрд. АҚШ доллары) салыстырғанда 65%-ға төмендей отырып, 10,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Тауарлар экспорты 2015 жылғы 9 айда 36,4 млрд. АҚШ долларын (өткен жылғы 9 айда 62,7 млрд. АҚШ доллары), тауарлардың импорты 25,7 млрд. АҚШ долларын (өткен жылғы 9 айда 32,1млрд. АҚШ доллары) құрады. Кірістердің теріс сальдосы 2014 жылғы 9 айдағы 19,9 млрд. АҚШ долларымен салыстырғанда 10,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Тапшылықтың қысқаруы экспортерлер кірісі азайып, бейрезиденттердің тікелей инвестициялардан түскен кірістерінің төмендеуі тапшылықтың қысқаруына әкелді. Халықаралық қызметтердің теріс сальдосы 3,8 млрд. АҚШ долларын құрады. 2015 жылғы 9 айда қаржы шоты бойынша капиталдың таза түсімі (қателер мен қалып қойғандарды есептемегенде) 8,4 млрд. АҚШ доллары болды. 2015 жылғы 9 айдағы тікелей инвестициялармен операциялар бойынша таза түсім 3,6 млрд. АҚШ долларын құрады. 2015 жылғы төлем балансының алдын ала бағалауы 2016 жылдың 5 ақпанында жарияланады.

Соңғы жаңалықтар