ҚР Ұлттық банк өкілі инфляциямен байланысты жағдайға баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тамыз айының қорытындысы бойынша инфляция болу ықтималдылығы жоғары. 2021 жылғы тамызда инфляциялық күтулердің сандық бағасы бір жыл алға 8,8%-ды құрады.

2021 жылдың тамыз айындағы халықтың инфляциялық күтулеріне байланысты жағдайды ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский түсіндірді.

Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (73%) өткен жылы бағаның өсуін байқауда, бұл сауалнама тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Өткен айда бағаның өсуін байқаған респонденттердің көпшілігі алдағы уақытта азық-түлік өнімдерін таңдайды (85%). Тауарлар құрылымында респонденттер жемістер мен көкөністер, ет және құс еті, өсімдік майы, құрылыс материалдары, киім және аяқ киім, балаларға арналған тауарлар бағасының тез өсуі мүмкін екенін атап өтті.

Тамыз айында тұтынушылардың көңіл-күйі біршама жақсарды, шілдеде керісінше төмендеді де қазір қайтадан оңалды. Халықтың мол көлемде сауда жасауға деген ынтасы тамыз айында аздап артты. Бұл балалардың дәстүрлі оқыту форматына оралып, балалар тауарлары мен мектеп керек-жарақтарының көптеп сатып алынуымен байланысты болуы мүмкін. Ал экономиканың дамуы бойынша қысқа мерзімді болжамдар нашар.


Соңғы жаңалықтар