+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

ҚР Ұлттық банк бірнеше ескерткіш монеталарды айналымға шығарды (ФОТО)

2014 жылғы 19 желтоқсан 12:08
Бөлісіңіз:
ҚР Ұлттық банк бірнеше ескерткіш монеталарды айналымға шығарды  (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банк бірнеше ескерткіш монеталарды айналымға шығарды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың бірі - «Жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар түрлері» монеталар сериясынан номиналы 100 теңге болатын «Сұңқылдақ аққу» ескерткіш күміс монетасы.

«Сұңқылдақ аққу» ескерткіш монетасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «Польша Монета сарайы» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы монеталарды шығару мен сатуға арналған келісімге сәйкес дайындалды.

Сондай-ақ, «Қазақстанның фаунасы мен флорасы» монеталар сериясынан номиналы 500 теңге болатын «Бәйшешек» ескерткіш күміс монеталары айналымға шығарылды.

Номиналдық құны 500 теңгелік ескерткіш монета Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 19 желтоқсаннан бастап «Қазақстан халқының ертегілері» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапасымен күміс және нейзильбер қоспасынан номиналы 50 теңгелік «Сірко» екі ескерткіш монетасын айналысқа шығарды.

Күмістен және «нейзильбер» қоспасынан жасалған «Сірко» екі ескерткіш монеталары - Қазақстан аумағын мекен еткен көпұлтты халықтың ертегілеріне арналған монеталар сериясының төртінші жұбы.

«Сірко» - ит пен қасқыр туралы украин халық ертегісінің бас кейіпкері, иттің аты.

1 2 3

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT