26.04.2023 11:40 Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 268 қару-жарақ табылды - ҰҚК АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтар мен сәуір аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірге прокуратураның үйлестіруімен заңсыз қару айналымындағы қаруды іздестіру және тәркілеу бойынша, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруға қатысты бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25.04.2023 12:20 Алматы қаласы бойынша ҰҚКД экс-басшысы 6 жылға сотталды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алмалы аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-ның бұрынғы басшысы билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.04.2023 11:33 Еліміздің оңтүстігінде шетел азаматы теракт ұйымдастырмақ болған - ҰҚК АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризммен күрес бөлімшелері оңтүстік Қазақстанда шетелдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы жасамақ болған террористік актінің алдын алды.
20.04.2023 16:18 Терроризм актісі туралы хабарлағандарға қанша сыйақы төленеді АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының терроризм актісінің алдын алуға немесе оның жолын кесуге көмектесетін ақпарат ұсынған адамдарға сыйақы беру туралы бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.04.2023 12:42 Қазақстан Ресеймен арадағы шекараны қалыпты форматта күзетеді - ҰҚК АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Сенат кулуарында мемлекеттік шекара күзетінің басым бағытын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.04.2023 12:28 Жыл басынан бері шекараны 4,5 мыңға жуық адам заңсыз кесіп өтпек болған АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Сенат кулуарында жыл басынан бері шекараны 4,5 мыңға жуық адам заңсыз кесіп өтпек болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.04.2023 12:00 Биыл шекарадағы 33 өткізу бекеті кеңейтіледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан шекарасындағы кейбір өткізу бекеттері әлі күнге дейін екі-ақ жолақпен жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Сенат кулуарында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.04.2023 11:53 Шекарашылар бір көлікті неше минут тексере алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан шекарасының 84 пайызы ешқандай техникалық жабдықсыз, әскермен ғана күзетіледі. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Сенат кулуарында осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.04.2023 11:48 Қазақстан шекарасының 16 пайызы ғана техникалық күзет жабдықтарымен жарақталған АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан шекарасының 84 пайызы ешқандай техникалық жабдықсыз, әскермен ғана күзетіледі. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Сенат кулуарында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.04.2023 11:44 Қырғызстаннан елге 20 мың қорап темекіні заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстаннан елге 20 мың қорап темекіні заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
20.04.2023 11:13 Серік Күдебаев Қазақстан шекарасын өзі туған елді мекен маңынан кескен болуы мүмкін - ҰҚК АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Серік Күдебаевтың Қазақстан шекарасын қалай кесіп өткені туралы болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.04.2023 15:42 Жалған құжатпен шекарадан өтпек болғандарға қатысты 99 дерек анықталды АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰҚК Шекара қызметі жыл басынан бері шетелдік (Үндістан, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей) және Қазақстан азаматтарының жалған және өзгенің құжатын қолдануының 99 фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.04.2023 17:06 Мемлекеттік резерв басшысы қамқорлығы үшін кәсіпкерден ақша алған ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Мемматрезерв саласындағы сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
14.04.2023 13:44 Сириядан қайтарылған 7 жасар қыз жақында туыстарына табысталады АСТАНА. ҚазАқпарат – Сирияда содыр болған қазақстандықтың 7 жасар қызы 11 наурызда елге жеткізілді. Қолдау орталығына орналастырылған бүлдіршін жақында туыстарына табысталмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.
13.04.2023 10:37 Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының өкімімен Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
13.04.2023 10:35 Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар тағайындау жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
12.04.2023 12:29 Қару-жарақ саудасының ірі арнасы мен 7 заңсыз цех жойылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Ірі ауқымда заңсыз қару айналымымен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07.04.2023 09:42 Талдықорғанда Қаңтар оқиғасында ҰҚК ғимаратын басып алу: Департамент басшысы Сәбит Құрманәлиев сотталды ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған сотында лауазымды адамның билігі мен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша Сәбит Құрманәлиевка қатысты іс қаралды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі), деп хабарлайды ҚазАқпарат сотқа сілтеме жасап.
07.04.2023 04:21 Терроризм актісі туралы мәліметке сыйақы төлеу ережесін енді ҰҚК бекітеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бірқатар жаңа құзырет берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Президент Жарлығының жобасында жазылған, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.04.2023 13:00 Серік Күдебаев Алатау арқылы шекараны кесіп өткен болуы мүмкін - ҰҚК АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев таулы жер арқылы шекара кесіп өтуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.