ҚР ҰҚК Мемтехқызметі мен РФ компаниясы келісімге келді

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі мен ресейлік Positive Technologies компаниясы киберқауіпсіздік саласындағы серіктестік меморандумына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрландыру, автоматтандыруға көшу барысында киберқатердің төнуі әбден мүмкін. Өкінішке орай бұл шындық және мұны шұғыл түрде қолға алу керек. Ол үшін бағдарламалық қамтылымды жасайтын жекелеген ұйымдармен бірлесе жұмыс атқаруға тура келеді. Бізге кибершабуылдан дер кезінде хабар алу, оның себептері мен күресу жолдарын білу керек», - деді ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі директоры Ержан Біржанов ресейлік Positive Technologies компаниясымен келісім кезінде.null 

Келісімшартқа сәйкес екі тарап ақпараттық қауіпсіздік жөнінде, зиянды бағдарламалардың таралуы кезінде жедел ақпарат, шабуыл мен шабуылдаушы туралы мәлімет алмасуға, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік қақтығысына бірге тойтарыс беруге ниетті.

Соңғы жаңалықтар