ҚР ҰҚК алаяқтық интернет-ресурс туралы ескертті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-ның KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету орталығы алаяқтық интернет-ресурстың пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаяқтар мобильдік мессенджерлердің және электрондық пошталардың көмегімен «opros-2018.info» интернет-ресурсы арқылы сауалнамадан өтуге шақырады. Тіпті сауалнамаға қатысқаны үшін ақша төленетінін хабарлайды.

Сауалнамаға қатысу үшін қолданушыдан аты-жөні сұралады. Осыдан кейін ақшаның төленетініне кепілдік беріле отырып, 6 сұрақ қойылады.

Кепілдендірілген ақшаны алу үшін қатысушыға 95 рубль немесе 534 теңге төлеу қажет болады. Сауалнаманың шарттарымен келіскеннен кейін қатысушы төлем картасының мәліметтерін енгізу және ақшаны төлеу үшін «Яндекс. Ақша» онлайн-сервисіне жолданады. Алаяқтарға ақша аударылғаннан кейін кепілдендірілген сома сауалнама қатысушыларына  түспейді.

Осыған байланысты KZ-CERT бірқатар кеңес береді. Атап айтқанда, банктердің клиенттеріне ақпараттық қауіпсіздіктің базалық ережелерін сақтау қажет. Мереке уақытында сауда мен жарнама легі қыза түсетіндіктен, әлеуметтік желілердегі күмәнді парақшаларға кіре бермеген жөн.

Банк операцияларын компьютер, ноутбук, планшет арқылы жүргізген уақытта кез келген өзгерістерді байқасаңыз, бірден банктердің Call-орталықтарына хабарласу керек.

Соңғы жаңалықтар