ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Президент Жарлығымен жаңа министрлер кабинеті жасақталды. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі бүгін болған маңызды тағайындауларға шолу ұсынады.


Ең алдымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

null
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды.


null
Сонымен бірге, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарған Жеңіс Қасымбек Премьер-Министрдің орынбасары болды.

null
Елбасы Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.


null
ҚР Сыртқы істер министрі лауазымында Бейбіт Атамқұлов қызмет етеді.


null
Тағайындалғанына көп уақыт өте қоймаған ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев та өз қызметінде қалды.


null
Нұрлан Ермекбаев ҚР Қорғаныс министрі лауазымында өз қызметін жалғастырады.



ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі қызметін атқарған Роман Скляр Президент Жарлығымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды.



Сондай-ақ, бүгін Білім және ғылым министрлігіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы болған Күләш Шамшидинова тағайындалды.


Ақтөбе облысының әкімі болған Бердібек Сапарбаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

null
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болған Асқар Жұмағалиев жаңадан құрылған ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы болып тағайындалды.


Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа министр келді. Бұл лауазымға Сапархан Омаров тағайындалды.



ҚР Ұлттық экономика министрлігіне Руслан Дәленов тағайындалды.

null
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі болған Дәурен Абаев қайта құрылған Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

null
Мәдениет және спорт министрі лауазымында Арыстанбек Мұхамедиұлы өзгеріссіз қалды.


null
Энергетика министрлігін де Қанат Бозымбаев басқаратын болады.


null
Денсаулық сақтау министрі қызметінде Елжан Біртанов қалады.


null
ҚР Әділет министрі болған Марат Бекетаев та өз қызметінде қалды.


Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ерболат Досаевты Ұлттық банк төрағасы лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Соңғы жаңалықтар