ҚР Үкіметінің басшысы коронавирусқа шалдыққаны туралы ақпарат – фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Министрлер кабинетінің басшысы Асқар Мамин коронавирусқа шалдыққаны туралы ақпарат – жалған. ҚазАқпарат бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жекелеген Telegram-каналдарда жарияланған Премьер-Министр Асқар Маминде коронавирус анықталғаны жөніндегі ақпарат фейк болып табылады және шындыққа жанаспайды.

Қазіргі уақытта Үкімет басшысы кестеге сай жұмысын жалғастыруда және 10 шілде күні Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысына дайындық жүргізуде. Премьер-Министрдің баспасөз қызметі р есми дереккөздердің ақпаратына ғана сенуге шақырады», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар