ҚР Үкіметінде жер қатынастары мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы жерлерін ҚР азаматтарына жалға беру ашық жүргізіледі және барынша бақылауда болады. Бұл туралы Қазақстан республикасының заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған ҚР Үкіметі отырысында мәлім болды, деп жазады primeminister.kz.

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев 2015 жылғы қарашада қабылданған Жер кодексінің нормалары бойынша туындаған қоғамдық резонансқа байланысты Жер реформасы жөніндегі комиссияның құрылғанын еске салды. Комиссия еліміздің өңірлерінде бірқатар отырыстар өткізді. Сонымен бірге, халықты жер заңнамасының нормаларын түсіндірумен кеңінен қамту және ұсыныстар жинау мақсатында 16 Call-орталық және «jerturaly.kz» сайты құрылды, оған жалпы 15 987 жолданым келіп түсті.

Ұсыныстардың негізінде Комиссия Тұжырымдама мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі.

Барынша ашықтық пен кеңінен талқылауды қамтамасыз ету үшін Заң жобасы мен оның Тұжырымдамасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында, АШМ ресми сайтында, 12 бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Бұдан өзге, министрлік жанындағы Қоғамдық кеңес отырыстарында талқылаулар және қоғамның қатысуымен көпшілік талқылаулар өткізілді.    

Осылайша, қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтай отырып, Заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде берудің жеке тәртібін орнату қарастырылған. Көрсетілген тәртіпке сәйкес, жерді беру әкімдікпен бекітілген конкурсқа шығарылатын жерлердің тізімі бойынша жүзеге асырылады.

Оны өткізудің ашықтығы үшін конкурстық комиссияның құрамына қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

Бұдан өзге, жариялылықты және оның барлық әлеуетті қатысушыларының конкурсқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп БАҚ-та және әкімдік пен АШМ-нің ресми интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы кеңінен хабарлауды қарастырады. 

Конкурсқа қатысу үшін қатысушының конкурсқа қатысу ұсынысын беруі міндетті шарт болып табылатынын айта кеткен жөн. Онда ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің бизнес жоспары, шаруашылық ішіндегі жер құрылымы жобасын құру және игеру бойынша, жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын құру бойынша, индикативті көрсеткіштерді орындау бойынша міндеттемелері қамтылуы тиіс.

Аталған талаптар берілетін жерлердің тиімді әрі ұтымды пайдаланылуы мақсатында қойылады.

Берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің ұтымды пайдаланылуына бақылауды күшейту мақсатында заң жобасында тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылған: жалға алған алғашқы 5 жылда жыл сайын, одан кейінгі жылдары суарылатын шабындықтарда әр 3 жыл сайын, қолдан суарылмаған жерлерде - әр 5 жыл сайын.

Ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен ауқымының «бір қолға» берілуіне жол бермеу мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің максималды көлемін белгілеу қарастырылған. Оларды қазақстандықтар әр облыстың әкімшілік аудандары (қалалары) аумағында жалға алған болуы мүмкін.

Сонымен қатар, шекара сызығы мен шекара маңы аймағында орналасқан жер телімдерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ азаматтарға т.б. беруге тыйым салу қарастырылған.

Жеке қолдардағы малды бағу үшін жайылымдық жерлердің жетіспеушілігіне қатысты мәселені шешу үшін елді мекендердің маңында тұрғындардың олардың жеке қолындағы малды ұстау бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайылымдар аумағы айқындалатын нормалар қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар