ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің біріккен мәлімдемесі теңгенің құлдырауына жол бермеуге мемлекет бар күшін салатынын көрсетеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет ұлттық валюта - теңгенің құлдырауына жол бермеу үшін бар күшін салмақ. ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің біріккен мәлімдемесі осыны аңғартады. Бұл туралы пікірін ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Асқар Елемесов жеткізді.

«Бұл құжат дер кезінде қабылданған маңызды құжат болды. Мәлімдеме жеке бизнестің дамуына жаңа бағдар ашады. Мемлекет теңгенің жылдам өзгерісін жібермеуге барын салатынын көрсетеді. Ең бастысы Үкімет пен Ұлттық банк ортақ шешім қабылдады. Экономиканы тұрақтандыруда мемлекеттің салып жатқан үлесін халық сезінуі керек», - деді А.Елемесов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Үкіметі теңгені тұрақтандыру туралы бірлескен мәлімдеме жасаған болатын.

Онда 2015 жылы салық-бюджет саясаты мен инфляция деңгейін жоспарланған 6-8 % дәлізде ұстап тұру көзделген.

Соңғы жаңалықтар