ҚР Үкіметі Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын мақұлдады

None
None
ашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Үкіметі еліміздің Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын мақұлдады.

Аталған тұжырымдаманы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банктің басшысы Григорий Марченко таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған тұжырымдама толық қарастырылып, талқыланғанына тоқталған Премьер-Министр,  соңғы екі жылда, әсіресе биылғы жылы қаржы секторындағы проблемалар өткерілгенін, осыған байланысты ауқымды қиындықтарға жол бермес үшін барлық ресурстар жұмылдырылғанын айтып өтті. «Бүгінгі нәтижелер өз кезегінде барлық іс-қимылдар дұрыс болғанын көрсетіп отыр», деді К. Мәсімов.

 «Енді бұдан әрі қалай қалай жылжитынымыз туралы ойлануымыз керек. Меніңше, бұл тұжырымдама көптеген мәселелерге жауап беріп отыр. Жалпы алғанда, біз бұл тұжырымдаманы мақұлдаймыз және оны Елбасының қарауына ұсынамыз», деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар