ҚР Үкіметі фармацевтика өнеркәсібін дамыту жоспарын әзірлейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту жоспарын жасауы қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фарцевтика саласындағы саясат ішкі сұранысты қамтамасыз етуге, озық технология тартуға және импортты алмастыруға бағытталғаны жөн. Осыған орай фармацевтика және медицина өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру міндеті Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі», - деді Қазақстан Президенті.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев саланы дамыту және қалыпты, тиімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тепе-теңдігі бұзылмауы керектігін баса айтты.

«Үкіметке отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту жоспарын жасауды тапсырамын. Онда нақты көрсеткіштер мен мақсат-міндеттер айқындалуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар