ҚР Үкіметі Астана мемлекеттік қызмет хабына қолдау көрсету келісімін ұзартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Үкіметі БҰҰ Даму бағдарламасымен Астана мемлекеттік қызмет хабына қолдау көрсету келісімін ұзартты. Бұл туралы Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Үкіметі БҰҰ Даму бағдарламасымен 2023 жылға дейін Астана мемлекеттік қызмет хабына институционалды қолдау туралы келісімді ұзартты. Осы мәселеге қатысты Қазақстан Үкіметінің, әсіресе Сыртқы істер министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жан-жақты қолдауын өте жоғары бағалаймыз. Бұл тұрғыда БҰҰ даму бағдарламасының барлық ұйымы тарапынан баға жетпес қолдауға ие болып отырмыз», - деді Әлихан Байманов. Елордада өтіп жатқан Астана мемлекеттік қызмет хабының «Мемлекеттік қызметтің дамуы және ынтымақтастық» атты жылдық конференциясында.

Айта кетейік, конференция жұмысына әлемнің 40-тан астам елінен мемлекеттік қызмет уәкілетті органдары басшылары, сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдері қатысып жатыр.

Іс-шара 27-29 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында оффлайн және онлайн форматында өтеді.


Соңғы жаңалықтар