ҚР Үкімет басшысы Бозымбаевқа сөгіс беру үшін Елбасына ұсынысхат жолдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс беру үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынысхат жолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысы мамыр айында Павлодардағы мұнай-химия зауытын ағымдық жөндеу жұмыстары көктемнен күзге ауысатындығы туралы хат жазылғандығын, сондықтан ендігі уақытта бензин тапшылығына  қатысты бағам айырмасы, көрші елдердегі жоғары баға,  импорт үлесінің артуы  сынды сылтауларды қабылдай алмайтындығын баса айтты.

«Ертеректе бізде баға жоғары болғандықтан  Ресейге кетеді десек, енді Ресейдегі баға жоғары болғандықтан «көлеңкеде» сатылуда дейміз. Яғни, үнемі сылтау әйтеуір. Сондықтан мен мұнымен келісе алмаймын. Мұның барлығын сылтау және өзінің тікелей лауазымдық міндетінен жалтару деп бағалаймын. Бұл үшін жауапкершілік болуы тиіс. Сондықтан да мен келесі шешім қабылдаймын. Біріншіден, Үкімет мүшелеріне ықпал ету тәртіптік жазаларын ел Президенті қабылдайтын болғандықтан мен бүгін Мемлекет басшысының атына Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсынысхат енгіземін», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар