ҚР ТЖМ «SOS Астана балалар ауылының» тәрбиеленушілерін қамқорлыққа алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өскелең ұрпаққа төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік дағдыларын үйрету мақсатында «SOS Астана балалар ауылы» жеке білім беру мекемесінің тәрбиеленушілеріне жан-жақты қолдау көрсететін болады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 қаңтарда Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен елордалық ТЖД бастығы Қуаныш Базарбаевтың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласының №№5 және 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде «SOS Астана балалар ауылының» балалары мен тәрбиеші-оқытушылар құрамы үшін экскурсия өткізген.


«Экскурсия барысында балалар мен оқытушылар өрт сөндіру, авариялық-құтқару техникасымен және жабдықтарымен танысты, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер, әйелдер, жасөспірімдер және жасөспірімдер құрама командаларының көрсетілімдерін көрді. Бұл – оқу мұнарасының 4-қабаты терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақпен жүгіру. Құтқарушылардан алынған экскурсия мен мастер-класс балалар үшін өте танымды және қызықты болды.


Алдағы уақытта балалар үйінің тәрбиеленушілері №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің «Құтқарушы» спорт кешеніндегі бассейнге үнемі барып, құтқарушылардан жүзуді үйренетін болады. Сонымен қатар олар үшін экскурсиялар, ашық есік күндері, спорттық іс-шаралар, жас құтқарушылардың үйірмелері, түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері мен дағдыларына үйрету ұйымдастырылады. Болашақта тілек білдірген және құтқарушы мамандығын таңдаған кезде балаларға азаматтық қорғау органдарының оқу орнына түсу ұсынылады», - делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар