USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

ҚР ТЖМ күштері төтенше жағдай кезінде өрттен 30-дан астам адамды құтқарды

2022 жылғы 15 қаңтар 11:55
Бөлісіңіз:
ҚР ТЖМ күштері төтенше жағдай кезінде өрттен 30-дан астам адамды құтқарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері төтенше жағдай кезінде өрттен 30-дан астам адамды құтқарып, 115 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Бұл туралы аталған ведомстводан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде студенттер жатақханасынан өрт шығып, 131 адам эвакуацияланды Павлодарлық өрт сөндірушілер газ жарылысының алдын алды ШҚО-да демалыс күндері 13 өрт болды

«Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері төтенше жағдай жарияланған күннен бастап әртүрлі әкімшілік, оның ішінде мемлекеттік меншік нысандарында, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен бизнес субъектілерінде болған 117 өртті сөндірді (Алматы қ. - 58, Шымкент қ. - 14, Алматы обл. - 9, ШҚО - 3, Жамбыл обл. - 7, Қызылорда обл. - 26). Бұл ретте ТЖМ күштері өрт сөндіру кезінде 30-дан астам адамды құтқарып, 115 адамды эвакуациялады», - делінген министрлік ақпаратында.

Төтенше жағдайларды жоюға жеке құрамнан 1 300-ге жуық адам және 250 бірлік техника жұмылдырылды. Өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде 10 қызметкер зардап шекті. Оның ішінде 1 қызметкер оқ жарақатын алды. Жеке құрам қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды.

«Өрт сөндіру кезінде жалпы 30 бірлік өрт сөндіру-құтқару техникасы қирады. Тәртіп бұзушылар 7-еуін айдап әкетіп, оның 5-еуін өртеп жіберген. Тағы 25-і қирады. Қазіргі уақытта 21 техника қалпына келтірілді, қалғаны іске жарамсыз болып қалды», - деп атап өтеді ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT