ҚР ТЖМ Қазақстан тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, боран, шектеулі көріну) еліміздің алты өңірінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлеріне жүруге тыйым салынды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, көлік қозғалысы Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы жолдарда шектелді.

Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы күндері еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, қар жауады, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

«Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылап отыруға шақырамыз. Ауа райына байланысты ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар!. Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде біліп алған жөн. Егер қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал. Егер қандай да бір елді мекенге шұғыл баруыңыз керек болса, діттеген жеріңізге кедергісіз жету үшін теміржол көлігін пайдалануға кеңес береміз»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ баспасөз қызметі төменде келтірілген қарапайым талаптарды назарда ұстауды ұсынады.

Қыста жолға шығар алдында:

1. Мұқият ауа райы болжамын зерделеңіз;

2. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.

«112» қызметінен ресми ауа райына байланысты ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.

Шұғыл қызметтер авттомобильдерді лектік ілесіп жүруге шешім қабылдаған жағдайда:

- жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;

- ілесіп жүретін шұғыл қызмет белгілеген жылдамдық режимін сақтаңыз;

- өткізу пунктінен шыққан автомобильдің артынан ілесіңіз және оны басып озбаңыз;

- алдында келе жатқан автомобильдің арасындағы қашықтықты сақтаңыз;

- алдағы автомобильдерді басып озуға болмайды;

- айналаңдағы қозғалысқа үлкен мән беріңіз.


Соңғы жаңалықтар