ҚР ТЖМ-інде Жеңістің 65 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде Жеңістің 65 жылдық мерейтойына және Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петровтың басшылығымен өткен жиынға республиканың түпкір-түпкірінен келген төтенше жағдайлар жүйесінде жұмыс істеген соғыс және тыл ардагерлері қатысты.

Ардагерлер алдында құттықтау сөзін сөйлеген вице-министр «соғыс уақытындағы оқиғалар жадымыздан өшкен жоқ, олар біздің ардагерлеріміздің естеліктерімен бірге жаңғыра түсіп, кітаптардың, ескеркіштердің беттерінде жазылып қалды. Ерлікке толы соғыс күндері ұрпақтан ұрпаққа естелік болып қалады», деді.

Сонымен қатар салтанатты шара аясында төтенше жағдайлар жүйесінде жұмыс істеген Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай жарық көріп отырған басылымнан қазақстандық ардагерлердің әскери ерлігі жайында кеңінен оқуға болады.

Сондай-ақ Отан қорғаушы күніне орай министрліктің бірқатар офицерлері ТЖ жүйесіндегі мінсіз қызметтері үшін наградалармен және естелік медальдармен марапатталды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ТЖМ қатарында 335 ардагер бар, олардың 131-і - ҰОС ардагері, 200-і - тыл еңбеккерлері, 2-уі -Ленинград құрсауында, ал тағы 2-уі лагерлерде тұтқында болған.

Соңғы жаңалықтар