ҚР Туризм және спорт министрлігінде үш дүркін әлем чемпионы А.Карелинмен кездесу болып өтті

None
None
nbsp;АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР бас спорт ведомствосының ғимаратында туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов Рф Мемлекеттік думасының депутаты, грек-рим күресі бойынша Олимипиада ойындарының үш дүркін әлем чемпионы Александр Карелинмен кездесті, деп хабарлайды ТСМ баспасөз қызметі.

Кездесуге сонымен қатар Ресей спорттық күрес федерациясының президенті, ФИЛА бюросының мүшесі, Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Мамиашвили, ҚР Күрес федерациясының құрметті президенті, Олимпиада ойындарының күміс иегері Дәулет Тұрлыханов, ҚР Күрес федерациясының президенті Бекзат Сарманов, сондай-ақ, 1980 жылғы Мәскеу жазғы Олимпиадалық ойындарының олимпиадалық чемпионы, ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Жақсылық Үшкемпіров сынды спорт тарландары қатысты.

Ресей спорт қоғамының әлемге танымал өкілдері осы күндері Астана қаласында өткізіліп жатқан «Грек-рим күресінен ҚР Президентінің Кубогы» 1-ші халықаралық турнирдің сыйлы қонақтары болып отыр.

Ресми кездесу барысында министр біздің елімізде осы спорт түрін дамытуға қосып жатқан үлестері үшін алғыс айтты. Одан кейін Т.Досмұханбетов қонақтарға елордамыз Астана қаласының аяғына қаз-қаз тұру сатыларымен, ірі спорттық жобалармен, соның ішінде Астана мен Алматы қалаларында өткізілетін 7-ші Қысқы Азия ойындары аясында құрылысы басталған бірегей нысандармен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар