ҚР Тұңғыш Президентінің өмірбаяны өскелең ұрпаққа үлгі болады - Д.Мыңбай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президенттің өмірбаяны өскелең ұрпаққа үлгі болуда. Бұл туралы бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған «Ерен Елбасы - Кемел Көшбасшы» көрмесінде ҚР Ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай айтты.

«Тұңғыш Президент күніне арналған бұл көрмеде көпшілік назарына Тәуелсіздігіміздің тарихы мен Тұңғыш Елбасымыздың өскелең ұрпаққа үлгі болып отырған өмірбаяны ұсынылды», - деп атап өтті ҚР Ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай.

Оның айтуынша, шараның негізгі мақсаты - қоғамды Мемлекет басшысының Қазақстанның тұрақты дамуының іргетасына айналған идеялары мен саясаты төңірегінде біріктіру, сонымен қатар жастардың патриоттық мәдениетін қалыптастыру. Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Ұлттық мұражайында ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орайластырылған «Ерен Елбасы - Кемел Көшбасшы» көрмесінің ашылуы өтті. Экспозицияда ҚР Президентінің мұрағаттық фотосуреттері, Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары, Ұлт көшбасшысының қызметі туралы басылымдар, сондай-ақ Мемлекет басшысының қызметі мен өмірі жайындағы бейнематериалдар ұсынылды. Заманауи көрмелер залында өтіп жатқан бұл шара 2014 жылдың 25 желтоқсанына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар