ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры «Тұма» рок-тобының бірінші альбомын шығаруға грант бөлді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры «Тұма» рок-тобының бірінші альбомын шығаруға грант бөлді. Ертең ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының ғимаратында «Тұма» тобының «Жарнама» және «Суретші» атты альбомдарынің бірлескен тұсаукесер-концерті өтеді.

«Тұма» тобы - Қазақстан және ТМД елдеріндегі түрлі конкурстардың жеңімпазы және рок-фестивальдердің қатысушысы. 2014 жылы желтоқсан айында өткен «На вершине Тенгри» фестивалінің «Трэк сезона» номинациясы бойынша «Жарнама» әнімен жеңімпаз атанған. Сонымен қатар топ «Hard rock rising» конкурсының финалисі атағына ие.

«Жастардың күнделікті өмірінің елеулі бөлігі тұтынуға табынумен өтіп жатыр. Жаппай тұтыну мәдениетін тарату болса ләззат алудың әр түрлі жолдары мен жайлы өмірді насихаттауға ұласады. Біз өз өнерімізбен тыңдарман қауымды өз тағдырына жауапты болуына және күш-жігерлерін өзіне, өзінің отбасына және мүшесі болып табылатын қоғамның игілігі үшін жұмсауына шақырамыз», - деді орындаушылар. 

Соңғы жаңалықтар