ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне Аршалы ауданындағы ЕЦ-166/5 түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілер де өз үлестерін қосуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Ақмола облысының Аршалы ауданындағы ЕЦ-166/5 түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің жасаған қолданбалы өнер туындыларының байқау көрмесі өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз хатшысы Натальи Алексейчук.

«Үміт-2015» тақырыбымен өткен шараның мақсаты - сотталғандарға мәдени құндылықтар негізінде эстетикалық тәрбие беру, олардың табиғат сұлулығы жөніндегі ұғымын және қоршаған ортаға деген мейірімділігін қалыптастыру арқылы шығармашылық қасиеттін арттыру болып табылады.

Байқау барысында қатысушыларға «Назарбаев феномені» бейне фильм көрсетілді. Байқауға жазасын өтеушілердің 20 астам жұмысы ұсынылды. Жеңімпаздар туындының түпнұсқалығы, эмоциялық бояудың болуы, көркемдік стиль, сурет кейіпкері критерийлері бойынша анықталды.

Қазылар алқасы ақылдаса келе, «Күз» картинасын ұсынған Сергей Громов пен қобдиша жәшік жасаған Виктор Мищенконы байқау жеңімпазы деп таныды», дейді Натальи Алексейчук.

Соңғы жаңалықтар