ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақмола облысында волонтерлер марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақмола облысында волонтерлер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Қарашаның 30-ында Ақмола облысының Полиция департаментінде Көкшетау қаласының еріктілерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Департамент бастығы, генерал-майор Арманбек Баймурзин ведомство қонақтарына әлеуметтік жауапкершілігі, белсенді азаматтық ұстанымы және ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтау және қамтамасыз ету ісінде қолғабысы үшін алғысын білдірді.

Ақмола облысы волонтерлік ұйымдарының ең белсенді қатысушыларына салтанатты түрде бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін бірқатар полиция қызметкерлері марапатталды.

ПД бастығы өз сөзінде, волонтерлік ұйымдардың қызметі белсенді азаматтық ұстанымның үлгісі болып табылатынын және ішкі істер органдары мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Генерал-майор Қазақстан қоғамының игілігі үшін одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

«Айта кету керек, ақмолалық еріктілер қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысады. Ағымдағы жылдың басынан бері «Феникс» волонтерлік орталығының, «Жизненный путь», «Өмір» қоғамдық қорларының қатысуымен 25-тен астам рейдтік іс - шара өткізілді, оның барысында 235 граффити-жазба боялды, есірткіні сату бойынша сайттардың адресі көрсетілген 17 стикер жойылды», - деп атап өтті ведомствода.

Еріктілердің із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге көмектесуін ескеру қажет, бұл іздеу аймағын кеңейтуге, жергілікті тұрғындармен тезірек сұхбаттасуға және сайып келгенде, қиыншылыққа тап болғандарды құтқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, еріктілер коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске бағытталған алдын алу шараларын қайта пайдалануға болатын маскаларды ақысыз тарату түрінде жүргізуге көмектеседі.

Жалпы, жыл басынан бері полиция мен еріктілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында көптеген ауыр құқық бұзушылықтар мен қылмыстар алдын алынды.

Соңғы жаңалықтар