ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында алғашқы оқырман билеттерін тапсыру рәсімі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында алғашқы оқырман билеттерін тапсыру рәсімі өтеді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Әсет Мұқажанов айтты.

«Осы аптада ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында брифинг пен presidentlibrary.kz веб-сайтының таныстырылымы өтеді, сондай-ақ онда алғашқы оқырман билеттері тапсырылады»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, аталған кітапхана «Назарбаев Орталығы» ғимаратында орналасқан. Кітапхана қоры 20 мың еңбекті қамтиды. Мекеме Президентке сыйға тартылған экспонаттарды жинақтаумен де айналысады. Қазіргі күні мемлекет басшыларының және олардың ресми өкілдерінің сыйлықтарын, өнер туындылары мен тарихи жәдігерлерді қосқанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке коллекциясынан алынған 500 экспонат бар.

Соңғы жаңалықтар