ҚР Тұңғыш Президенті интеллектуалдық мектебінде жаратылыстану ғылымдары бойынша жасөспірімдердің ашық олимпиадасы аяқталды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті интеллектуалдық мектебінде мамырдың 4-і мен 6-сы аралығында өткен жаратылыстану ғылымдары бойынша жасөспірімдердің ашық олимпиадасы аяқталды,

деп хабарлады аталған мекеменің баспасөз қызметінен.

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, жаратылыстану ғылымдары бойынша жасөспірімдердің ашық олимпиадасы ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ғылыми қызметке деген қызығушылықтарын ояту әрі дамыту, олардың интеллектуалдық дамуы үшін жағдай жасау, ғылыми қызметке дарынды балалардың қызығушылығына қолдау көрсету мақсатында осымен 2-ші жыл өткізіліп отыр.

Ағымдағы жылы білім жарысында еліміздің барлық облыстарынан, Алматы мен Астана қалаларынан және Көкшетау мен Семей қалаларындағы ҚР Тұңғыш Президенті интеллектуалдық мектептерінен 33 команда (99 адам) бақ сынады. Сондай-ақ осы жылы олимпиаданың географиялық ауқымы кеңейіп, Тәжікстанның оқушылары да білім сайысына қатысты.

Екі күнге созылған олимпиаданың тәжірибелік және теориялық кезеңдерінде қатысушылар химия, физика, биология пәндері бойынша білім деңгейлерін, сонымен қатар ғылыми тәжірибеге қабілеттілігін, практикалық дағдысын көрсетті.

Шараның жабылу салтанатында барлық қатысушылар сертификаттар, ал жеңімпаздар алтын, күміс, қола медальдармен марапатталды.

Олимиаданы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Өркен» АҚ өткізді.

Соңғы жаңалықтар