ҚР Тұңғыш Президенті: Елімізде ауқымды көп шаруа істелді деп санаймын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атқарылған жетістіктерді тоқтатпай, жұмысты ары қарай жалғастыру керек. Бұл туралы «Хабар» арнасына берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, елімізде және шетелдік сарапшылар да Қазақстанның осы жылдардағы өсіп-өркендеуіне оң баға берді. Бұрынғы Кеңес одағының аумағындағы республикалардың ішінде біз ең жылдам реформа жасадық. Экономикамыз қарқынды өсті. Бұл істеген жұмыстың нәтижесі. Сондықтан біз жай жүрмедік, дүниежүзілік тәжірибені пайдаланып, стратегиялық бағдарламалар жасадық», - деді Елбасы.

Осы орайда Н. Назарбаев түрлі саладағы маңызды бағдарламаларға тоқталып өтті. Негізгі мақсат – алдыңғы қатардағы 30 елдің қатарына қосылу.

Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті Тәуелсіздік жылдарында көптеген ауруханалар мен емханалар, мектептер, балабақшалар, автожолдар, теміржолдар, порттар салынғанын еске салды. Бұдан бөлек, Н. Назарбаев көршілес елдермен шекаралық мәселелер толықтай шешілгенін атап өтті.

«Енді осының қарқынын тоқтатпай, жұмысты ары қарай жалғастыру керек. Біз шикізатты сатып, пайда табудан ажырап, басқа экономикаға көшуіміз керек. Индустриялық бағдарлама осыған негізделген. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласына екпін қойылуда. Сондықтан көп шаруа істелді деп санаймын. Менің буыным қазаққа қолынан келгенше барлық жақсылығын жасады. Қаншама университеттер ашылды, ЭКСПО-2017 болды, елордамызда ЕҚЫҰ саммиті өтті», - ол.

Осы орайда Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды ұмытпауымыз керектігін айтты.

Соңғы жаңалықтар