ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне екі жаңа тікұшақ тапсырылды

None
None
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада бекітілген келісімшартты орындау аясында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне «Вертолеты России» кәсіпорны жасап шығарған Ка-32А11ВС екі тікұшағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

 «Аталған екі тікұшақты алу арқылы біз «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының бір бөлігін іске асырып отырмыз. Бағдарлама аясында апаттық жағдайларға медициналық және құтқару әрекеттерін кеңейтетін боламыз»,-деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.

 Қазіргі кезде апаттарға жедел медициналық әрекет етуге орай жол бойында алты бекет салынып жатыр. Бүгінде 4 «Еврокоптер» ел игілігіне тапсырылды. Жақын күндері олар да кезекшілікке шықпақ.

В. Божконың айтуынша, Ка-32А11ВС көп мақсатты тікұшақтар болып табылады. Олар ауа райының қиын жағдайларында да тәуліктің кез келген уақытында міндеттерді орындауға қауқарлы машиналар.

Соңғы жаңалықтар