Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.82 EUR 428.67
RUB 5.86 CNY 54.95
Jańalyqtar

ҚР Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы тағайындалды

2019 жылғы 6 мамыр 16:56 887
Бөлісіңіз:
ҚР Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Виталий Владимирович Ярошенко Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

В. Ярошенко 1977 жылы дүниеге келген. Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген.

2003 жылдан бері байланыс саласына жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді. 2015-2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаментінің директоры, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2017-2019 жылдары - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылғы ақпаннан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT