ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Өзбекстан мен Қазақстанның бауырлас халқы мен жемісті ынтымақтастығы

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі өзінің интернет-ресурсында елімізбен бір жылы 1991 жылы тәуелсіздігін алған елдердегі әріптес ақпарат агенттіктері дайындаған материалдарды жариялап отырады. Бүгін 1 қыркүйек – Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күні назарларыңызға Өзбекстанның «ӨзА» ақпарат агенттігінің бас директоры Абдусаид Кучимовтың тапсырысымен арнайы «ҚазАқпарат» ХАА үшін дайындалған Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 30 жылдық ынтымақтастық тарихы туралы материалды ұсынамыз.

1992 жылы 23 қарашада Өзбекстан мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнады. Қазіргі кезде екі ел арасындағы ынтымақтастық 150-ден астам ортақ құжаттардың негізінде жүзеге асады. Екі елдің қарым-қатынасы тарихындағы негізгі құжат – 1998 жылы 31 қазанда қол қойылған Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәңгілік достық туралы келісім.

Қазақстан – Өзбекстанның үш негізгі сауда әріптесінің бірі. Қазақстанның ішкі тауар айналымында Өзбекстан Швейцария мен Испания арасындағы сегізінші орында. Өзбекстан Қазақстанға жеміс-көкөніс өнімдері мен кептірілген жеміс жеткізіп отырады.

2018 жылы Қазақстан Өзбекстаннан 3 мың автокөлік сатып алды. Қазақстанда «Chevrolet» автокөліктерін бірігіп өндіру жолға қойылған. Өз кезегінде Қазақстан көрші елге ірі көлемде түрлі өнім түрлерін жеткізіп отырады. Жыл сайын Өзбекстан ҚР-дан жалпы сомасы 80 миллион АҚШ долларына бидай сатып алады.

2019 жылы Қазақстаннан 100 миллион АҚШ долларына мұнай және мұнай өнімдері импортталды. Қазақстан Республикасы Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Одан бөлек, Өзбекстан жыл сайын Қазақстаннан 90 миллион АҚШ долларына мыс пен өңделмеген алюминий сатып алады.

Бүгінгі күні Өзбекстанда Қазақстан аумағында өсірілген бидайдан ұн дайындалады. Ол одан кейін тек елдің ішкі нарығында емес, сонымен қатар экспортқа жіберіліп отырады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика комиететінің деректеріне сүйенсек, 2021 жылдың қаңтарының өзінде Өзбекстан Қазақстанға 5 миллион АҚШ долларына 7 мың тонна қызанақ экспорттаған.

Ынтымақтастықтағы тағы бір басым бағыт – көлік коммуникациясы саласы. Бұл орайда екі елдің автокөлік және теміржол жолдарының өзара интеграциясын атап өткен жөн. Онымен қоса, көлік-коммуникация желісі Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан сияқты үшінші елдер үшін транзит міндетін орындайды. Қазақстанның Мақтаарал ауданында салынған автокөлік жолы Ташкент, Самарқанд, Термез және Хайратон (Ауғанстан) арасындағы байланыстырушы түйін болып отыр.

Осы жолдың ашылуы, Ташкент-Алматы пойызының және автобус маршруттары қозғалысының жөнделуі екі елдің мүддесіне қызмет етеді – аймақаралық байланыс, сауда мен туризмнің дамуына ықпал етеді.

Елдер бір-бірін халықаралық аренада қолдап отырады, БҰҰ, ШЫҰ, ТМД, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Аралды құтқару халықаралық қоры сияқты ұйымдар аясында бірге қызмет етеді.

Өзбекстанда Қазақстан капиталының қатысуымен 230 кәсіпорын жұмыс істейді, өз кезегінде Қазақстанда Өзбекстан кәсіпкерлерімен бірлесіп 130-дан астам кәсіпорын құрылды.

Ұлықтау рәсімінен бір ай өткеннен кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді. Сапар барысында екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар төрағаларының мәртебесін үкімет басшыларының деңгейіне дейін көтеру маңызды жетістік болды. Сапар кезінде «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастығы орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды. Ол сауда, инвестициялар, логистика саласындағы перспективті жобалардың жүзеге асырылуын, бірлескен өндірістік технологиялық парктер мен ғылыми-инновациялық кластерлердің құрылуын қарастырады.

Екі ел арасында мәдени байланыстар аясы кеңеюде. Өзбекстаннан келген туристер Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне жиі келіп тұрады. Өз кезегінде қазақстандықтар Әмір Темір жерленген Самарқандқа барады.

Екі ел қарым-қатынасындағы ең елеулі оқиға Қазақстанда Өзбекстан жылын, ал Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу туралы шешім. Аталған шаралар 731 күнге жалғасты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары кезінде Өзбекстандағы Қазақстан жылының ресми ашылу салтанаты өтті.

Өзбекстанда Қазақ ұлттық мәдени орталығы жұмыс істейді, сонымен қатар оның бөлімшелері елдің облыстары мен аудандарында да бар. Қазақ тілінде білім беру процесі жолға қойылған. Осылайша, Өзбекстанда 441 қазақ-өзбек аралас мектебі және 192 қазақ мектебі білім береді.

Қазақстан Президентінің Өзбекстанға баруы Ташкент пен Нұр-Сұлтан арасындағы ынтымақтастықтың дамуы үшін жаңа перспективалар ашты, ірі шараларды өткізуге мүмкіндіктер ұсынды.

2020 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің 25,5 пайызы жіберілді. Өзбекстанның Орталық Азия елдерімен инвестициялық ынтымақтастығы белсенді қарқынмен дамуда. Өткен жылы Қазақстан капиталының қатысуымен құрылған 110 кәсіпорын тіркелді. Қазіргі кезде олардың саны 919-ға жетіп отыр. 2019 жылдың аяғында Қазақстанда Өзбекстан капиталының қатысуымен 1 150 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 420-сы – бірлескен кәсіпорын.


Соңғы жаңалықтар