ҚР Тәуелсіздігі күні 144 солтүстікқазақстандық тұрғын жаңа пәтер кілтін алды (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін, 16 желтоқсан күні Петропавлдағы «Береке» шағынауданында «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасын іске асыру аясында салынған екі арендалық-коммуналдық үй пайдалануға берілді.

144 солтүстікқазақстандық тұрғынға жаңа үйдің кілттерін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов табыстады.

«Тұрғын үй проблемаларын шешу, баспананың қолжетімділігі мен сапасын көтеру әрқашан мемлекеттік билік органдары жұмысының маңызды басымдықтарының қатарында болуда. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жаңа Жолдауы тұрғындар үшін үлкен мүмкіндіктер ашуда. Барлықтарыңызды қоныс тоймен, Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!», - деді Е.Сұлтанов.

Қазақстан Тәуелсіздігі күнінде қоныс тойларын Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жетім балалар, мүгедектер, ауған соғысының қатысушылары, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, әскерилер атап өтуде.

2014 жылдың соңына дейін Петропавлда тұрғындардың барлық санаттарына арналған екі ипотекалық үй тапсырылады. Яғни, СҚО-ның тағы 138 тұрғыны жаңа пәтер кілттеріне ие болады.

Соңғы жаңалықтар