ҚР таеквондошылары әлем чемпионатында тағы 2 медаль жеңіп алды

None
None
СОФИЯ. ҚазАқпарат - Таеквондодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты. ҚазАқпарат бұл турады ҚР таеквондо федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, 55 келі салмақта Жавохирхон Исламов жартылай финалда сүрініп, үздік үштіктің қатарына енді.

59 кг салмақта Әлібек Шайкенов те қола медальге ие болды.

Бұған дейін жастарымыз екі күміс пен бір қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Әлем чемпионаты Болгарияның София қаласында өтіп жатыр.


Фото:kaztkd.kz




Соңғы жаңалықтар