ҚР Сыртқы істер және қорғаныс министрлері ҰҚШҰ елдері кеңесінің бірлескен отырысына қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Министр Мұхтар Тілеуберді, Нұрлан Ермекбаевтар мен Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесінің, қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Талқылау барысында ҰҚШҰ-ның өткен жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды, халықаралық және өңірлік жағдай бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттердің түйінді бағыттар бойынша ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері қаралды.

Отырыста ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында халықаралық өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жетілдіру туралы мәлімдемесінің жобасы, сондай-ақ Сыртқы істер министрлерінің Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігер жөніндегі мәлімдемесі егжей-тегжейлі қаралып, келісілді. ҰҚШҰ-ның 2020 жылға арналған бірлескен саяси мәлімдемелері тақырыптарының тізбесін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Бішкектегі кездесуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі Мемлекетаралық жұмыс тобының жұмысы жөніндегі құжаттар, сондай-ақ әскери ынтымақтастық саласындағы басқа да құжаттар қаралды. ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құрылымдарын бірлесіп даярлаудың 2020 жылға арналған жоспары өзектілендірілді.

ҰҚШҰ форматында әскери-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс жүзіндегі қадам әскери мақсаттағы өнімдерді әзірлеу жөніндегі бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәртібін регламенттейтін, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс-өнеркәсіптік кешендері кәсіпорындарының кооперациялық байланыстарын дамыту жөніндегі базалық ұйымды құру туралы құжаттар жобаларын келісу болды.

Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі, ҰҚШҰ органдары рәсімдерінің ережелері, сондай-ақ Ұйымның Бас хатшысын тағайындау рәсіміне байланысты ҰҚШҰ құқықтық құжаттарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Бірлескен отырыс сындарлы түрде және дәстүрлі достық атмосферада өтті. Келісілген құжаттар 28 қарашада Бішкекте өтетін ҰҚШҰ мемлекет басшылары қатысатын Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына түпкілікті қарауға және бекітуге шығарылатын болады.

Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі, ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті бірлескен отырысы 2020 жылы Ресей Федерациясында өтеді.

ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған және құрамына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін халықаралық аймақтық ұйым болып табылады.

Соңғы жаңалықтар