ҚР Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі құрылымдары Қазақстан азаматтарының құқығын қорғайтын болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі құрылымдары Қазақстан азаматтарының құқығын қорғайтын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тамара Дүйсенованың атап өтуінше, «Ашық Қазақстан 500+» атты көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасының бесінші бағыты босқындармен жұмысты қамтиды.

«Бұл – министрліктің қарауына берілген жаңа бағыт. Министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп, ұлттық заңнама нормаларын Біріккен Ұлттар Ұйымының стандарттарына сай имплементациялау бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады», - деді ол

Оның атап өтуінше, алтыншы бағыт Қазақстан азаматтарының еңбек мигранты ретінде шетелге шығуына қатысты.

«Бұл – жаһандық тренд. Сондықтан, біз оған шектеу қоя алмаймыз. Біздің міндетіміз – олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету. Осы мақсатта қазақстандық еңбек мигранттары барынша көп шоғырланған елдермен олардың құқықтарына кепілдік беретін мемлекетаралық келісімдер пакетін жасауды ұсынамыз. Осы келісімдерге сәйкес, Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі құрылымдары Қазақстан азаматтарының құқығын қорғайтын болады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар