+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

ҚР Сыртқы істер министрлігінде гендерлік саясат мәселелері талқыланды

2021 жылғы 23 ақпан 10:53
Бөлісіңіз:
ҚР Сыртқы істер министрлігінде гендерлік саясат мәселелері талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова осы жылдың наурыз айында Нью-Йорк қаласында өтетін БҰҰ Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының 65-ші сессиясы қарсаңында Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұханмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР СІМ ғимаратында өткен кездесу барысында сұхбаттастар сессияның күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан делегациясы жұмысының басым бағыттарын белгіледі. Сондай-ақ шешім қабылдаудың барлық деңгейлеріндегі әйелдердің қатысуын кеңейту мәселелеріне қатысты сессияның негізгі тақырыбы бойынша «сағаттарды теңестірді».

Кездесуде сондай-ақ KazAID қазақстандық дамуға ресми көмек агенттігі шеңберінде дамуға техникалық көмек көрсету мәселелері қозғалды. Тараптар халықаралық серіктестер мен донорларды тарта отырып, оның жобаларының картасын кеңейтуге жәрдемдесуге уағдаласты.

Әйелдер кооперациясы мен гендерлік бастамалар ортасындағы халықаралық жобаларға ерекше назар аударылатын болады. Ұлттық комиссияға 2021 жылдың екінші жартысында Қазақстанда өткізу жоспарланып отырған «Еуропалық одақ - Орталық Азия» азаматтық форумына қатысу ұсынылды.

Күн тәртібінің тағы бір тармағы ретінде тараптар американдық үкіметтің Әйелдердің жаһандық дамуы мен өркендеуі жөніндегі бастамасы (W-GDP) шеңберінде АҚШ-пен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Бұған дейін Л.Рамазанова АҚШ үкіметі бастамашылық еткен «Әйелдердің экономикалық құқықтарын ілгерілету жөніндегі іс-қимылға шақыруға» виртуалды қол қою рәсімінде Қазақстанның атынан өкілдік еткен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT