ҚР Сыртқы істер министрлігі жақын арада А/H1N1 тұмауы тіркелген елдерге сапар жасаудан бас тартуды ұсынып отыр

None
None
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жақын арада А/H1N1  тұмауы тіркелген елдерге сапар жасаудан бас тартуды ұсынып отыр.

 Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте аталған ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның сөзіне қарағанда, Сыртқы істер министрлігі шет елдердегі мекемелердің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне аталған тұмаудан сақтанудың негізгі шараларын қабылдау жөнінде, сондай-ақ бұл жайында біздің елдің азаматтарына, яғни консулдық есепте тұрғандарға, студенттерге, туристерге, іссапарда жүргендерге тиісті нұсқау беру туралы ұсыныстар жолданған.

Соңғы жаңалықтар