+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

2021 жылғы 2 мамыр 23:31
Бөлісіңіз:
ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына үндеу жасап, Ресей аумағына кіруге болатын рұқсат етілген жолдарды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті азаматтар, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Беларусь арқылы Ресейге осы елдің ықтияр хаты немесе РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен бекітілген тиісті негіздер болған кезде ғана ұшып келе алатынына Сіздердің назарларыңызды қайта аударамыз», - деді министрліктен.

Мәлім етілгендей, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Ресейге келесі елдер арқылы ұшып келе алады: Түркия, Швейцария, Мысыр, Мальдив, БАӘ, Қырғызстан, Корея, Куба, Сербия, Жапония, Сейшель аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзербайжан, Армения, Греция, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка.

Сондай-ақ ҚР СІМ Қазақстан азаматтары Ресейге келесі жолдармен жете алатынын еске салды:

1) тікелей әуе рейстерімен;

2) тізбесі РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен бекітілген елдер арқылы транзитті әуе рейстерімен;

3) РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен көзделген негіздер болған жағдайда құрлықтық өткізу пунктері арқылы не басқа елдерден келе алады.

Еске салайық, бұған дейін ҚР СІМ қазақстандықтарға үндеу жасап, онда Ресей аумағында заңсыз жүрген еліміз азаматтары 15 маусымға дейін ҚР ішкі істер органдарына жүгінуі қажеттігін ескерткен болатын.

Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартқысы келмегендер және елден өз еркімен кеткісі келмегендер елден мәжбүрлеп шығарылатын болады. Бұдан бөлек, РФ аумағына қайта кіруге шектеу қойылуы мүмкін.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT