+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

ҚР Сыртқы істер министрі Ташкентте бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

2021 жылғы 15 шілде 22:57
Бөлісіңіз:
ҚР Сыртқы істер министрі Ташкентте бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкентте өтіп жатқан «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференцияға қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Мұхтар Тілеуберді Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Аль Сауд, Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Тери Хакала, ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И, Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманиян Джайшанкар және Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен екіжақты бөлек кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары мен көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. COVID-19 індетіне қарсы күресте күш-жігерді біріктіруге және Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Министр М.Тілеуберді өңірдің сыртқы саяси ведомстволары мен халықаралық ұйымдардың басшылары, ғылыми және сарапшылық топтардың өкілдерімен бірге Орталық Азия Халықаралық институтының ресми ашылу рәсіміне қатысты. Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева іс-шараға қатысушыларға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің жолдауын оқып берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT