ҚР Сыртқы істер министрі ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде елдеріміз арасындағы қатынастар барлық бағыттар бойынша стратегиялық әріптестік пен одақтастық бағытында қарқынды дамып келеді. Қарқынды саяси диалог жолға қойылған. Екі елдің Қауіпсіздік Кеңестері деңгейінде парламентаралық ынтымақтастық серпіні қолдау табуда, терең экономикалық байланыстар орныққан. Экономикалық интеграция процесі жүйелі түрде алға жылжып келеді. Әскери-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық нәтижелі дамуда, өңіраралық байланыстар кеңеюде», - деді кездесуді ашқан Мұхтар Тілеуберді.
ҚР СІМ басшысы Қазақстан жоғары деңгейдегі барлық уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруды жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.
«Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы мәселелерін талқылауға дайынмын. Алдағы жылға өңірлік және жаһандық саясаттың түрлі аспектілері бойынша пікір алмасу жоспарланып отыр», - деді Мұхтар Тілеуберді.
Өз кезегінде Сергей Лавров қазақстандық тараптың қонақжайлық танытып пен жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірді.
«Біз соңғы екі жылда президенттеріміз қол жеткізген келісімдерді орындау бойынша үлкен жұмыс атқардық. Бірақ қазір, әрине, жаңа міндеттер пайда болды. Өйткені уақыт бір орында тұрмайды. Президенттер екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық күн тәртібінің қандай да бір мәселелеріне деген көзқарастарды үнемі салыстырып отыруды жалғастыруда. Сондықтан біздің министрліктер желісі бойынша бірлескен жұмысымыздың жүйелі болуы өте қмаңызды» - деді ресейлік министр.
- Нидерланды Корольдігінің Елшісі Қазақстанның жемқорлыққа қарсы жетістіктігіне оң баға берді
- Қазақстанда инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы команда құрылды
- Қазақстан мен Ресей Ішкі істер министрлері Мәскеуде кездесті
- Қазақстан Президенті Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
-
ЕҚЫҰ төрайымы келесі Саммит қашан өтетінін айтты
-
Анн Линде: Қазақстанда қауіпсіздікпен байланысты жұмысты жалғастыруға ниеттіміз
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам