ҚР Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірқатар екіжақты кездесу өткізді

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан СІМ басшысы Махмуд Куреши, Кипрдің СІМ басшысы Никос Христодулидис, Норвегияның СІМ басшысы Инэ Сёрейде, Хорватияның СІМ басшысы Гордан Грлич Радманмен жеке-жеке келіссөз өткізді.

Кездесулер барысында Қазақстанның осы мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастығының ағымдағы мәселелері мен перспективалары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар