ҚР Сыртқы істер министрі Еуропаға сапармен барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропаға сапарлайды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20-21 қаңтарда ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация ҚР-Еуропалық одақ ынтымақтастық кеңесінің 17-отырысына қатысады. Іс-шара барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылау, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарлануда», - деді ол.

Ресми өкілдің дерегінше, сапар аясында министрдің Еуропалық комиссияның, Еуропалық Парламенттің және Бельгия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің ресми тұлғаларымен кездесулері жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар