ҚР Сыртқы істер министрі дипломатия қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді дипломатиялық қызмет мамандарын бүгінгі мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кәсіби мерекеміз – Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтудеміз. Көптеген өзге салалардың мамандарымен қатар отандық дипломаттар да егеменді мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына өздерінің лайықты үлестерін қосып келеді.

Қазақстан бүгінде халықаралық қоғамдастықтың беделді әрі тең құқықты мүшесі, ядролық қарусыздану мен таратпау саласының көшбасшысы, экономикалық интеграция процестерінің жауапты қатысушысы, дінаралық және мәдениетаралық диалогтың белсенді жақтаушысы», - делінген министрдің құттықтауында.


Соңғы жаңалықтар