ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Ресей төрағалығының бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының ҰҚШҰ, ШЫҰ және ТМД сияқты өңірлік ұйымдармен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде дебаттар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді пікірталасқа қатысып, мәлімдеме жасады. Атап айтқанда, ол біздің республикамыз БҰҰ-да мүшелігі мен төрағалығы кезеңінде лаңкестікке қарсы күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлгенін атап өтті. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібінің кодексі әзірленді. Бұл құжатқа БҰҰ-ға 84 мүше мемлекет қосылды.

Сол күні министр М. Тілеуберді БҰҰ алаңындағы басқа да іс-шараларға қатысты:

- Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне енуіне жәрдемдесу жөніндегі конференцияда М. Тілеуберді ЯСЖТШ құруға негіз болған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Семей сынақ полигонын жабу туралы шешімінің тарихи рөлін атап өтті;

- Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер министрлерінің жоғары деңгейдегі 18-ші кездесуінде сөйлеген сөзінде Қазақстанның осындай елдердің алдында тұрған экономикалық даму жолындағы қауіп-қатерлер мен кедергілерді еңсерудегі белсенді рөлін атап өтті. Аталған кездесуде Қазақстан 2020-2021 жылдарға осы елдер тобының келесі жаһандық төрағасы болып сайланды.

Соңғы жаңалықтар