ҚР СІМ Үндістанда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінде Үндістанда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 ақпанда, 1-2 наурызда ұшақпен жете алмаған барлық Қазақстан азаматтары елге оралды. «Эйр Астана» бүгіннен бастап рейстерді штаттық режімде жалғастыруда. Егер де қандай да бір күтпеген жағдай болса, онда жедел штаб жұмыс істеп тұрған елшілікке дереу хабарласуды сұраймыз», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде ұшақтар Үндістан астанасынан Алматы мен Астанаға әуе сапарларын жалғастыруда.

«Кеше рейстер болды, бүгінге тағы рейс бар. Біздің азаматтар кесте бойынша сапарлап жатыр. БАҚ-та 300-ден астам жолаушы туралы ақпарат тараған еді, алайда оның ішінде тек 68-і Қазақстан азаматы», - деді ресми өкіл.

Еске сала кетсек, Пәкістан Республикасы әуе кеңістігінің бүкіл халықаралық әуе бағыттарына жабықтығына байланысты «Эйр Астана» әуе компаниясының Дели - Алматы бағытындағы 27 ақпанға жоспарланған рейсі кейінге қалдырылған болатын.

Бұған дейін ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасағандығын жаздық.

Соңғы жаңалықтар