ҚР СІМ Сочидегі ұшақ апаты жайлы: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Сочи қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағынан ұшып кетіп, өзен жағасына сырғып барған ұшақтың ішінде Қазақстан азаматтары болмаған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетсек, бұған дейін ресейлік «РИА Новости» агенттігі Мәскеу-Сочи бағытындағы ұшақ қонғаннан кейін ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өзен жағасына сырғып кеткені туралы хабарлаған болатын. Осының салдарынан шассидің тіректері мен ұшақтың қанаты қирап, сол жақ қозғалтқыштан от шыққан. Әуе кемесінің бортында 164 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Ұшақтағылардың ішінде кісі өлімі тіркелген жоқ. Алайда әуежай қызметкері қайтыс болған. 18 адам зардап шеккен.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін ҚР СІМ аталған ұшақта Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады.

«Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, Utair әуе компаниясы ұшағының Сочи қаласындағы әуежайға қонуы кезінде болған апатты оқиғадан зардап шеккендердің арасында ҚР азаматтары жоқ», - делінген СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Фото: © РИА Новости / Екатерина Лызлова

Соңғы жаңалықтар