ҚР СІМ: Сирия бойынша кездесуге қатысушылардың барлығы Астанаға келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия бойынша 11-інші Халықаралық кездесудің барлық қатысушылары, соның ішінде кепілгер-мемлекеттер - Ресей, Түркия және Иран өкілдері Астанаға келіп жетті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресей делегациясын РФ Президентінің Сирия бойынша Арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастап келді. Түркия атынан елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал қатысады. Ирандық делегацияға елдің сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі Аға көмекшісі Хусейн Джабери Ансари жетекшілік етуде.
БҰҰ делегациясына БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша Арнайы өкілі Стаффан де Мистура басшылық жасауда.
Сондай-ақ, жоспарланғандай, кездесуге БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасынан және Қызыл крест Халықаралық комитетінен байқаушылар қатысады.
Ахмад Аль-Тома бастаған Сирияның қарулы оппозициясы да Астанаға келді.
Жекелеген делегациялар Қазақстанға кеше жетіп, өзара бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
- Елордада тіркелген қылмыстардың саны 30 пайызға қысқарды
- Елордада жас сарбаздар әскери ант қабылдады
- Елордада өткен жылы 7 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді - әкімдік
- Ядролық қаруға тыйым салатын шарт: Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы мәлімдеме жасады
-
Электр энергиясын ысырап еткені үшін «Астана АЭК» басшылығы сотталды
-
Әзербайжан қайраткерлері «Абай 175 жыл» медалімен марапатталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам