+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

ҚР СІМ «Рияд келісіміне» қатысты мәлімдеме жасады

2019 жылғы 8 қараша 10:06
Бөлісіңіз:
ҚР СІМ «Рияд келісіміне» қатысты мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Рияд келісіміне қол қойылуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Йемен Үкіметі мен Оңтүстік Өтпелі Кеңестің арасындағы «Рияд келісіміне» қол қойылуын құптайды және бұл уағдаластықтарға қол жеткізудегі Сауд Арабиясы Корольдігінің маңызды рөлін жоғары бағалайды.

Қазақстан бұл құжат өңірдегі ахуалды тұрақтандыруда және Йемендегі дағдарысты бейбіт саяси жолмен шешуде маңызды қадам болады деп үміт білдіреді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Йемен Үкіметі мен Оңтүстік Өтпелі Кеңес елдегі азаматтық соғысты тоқтату үшін Сауд Арабиясының астанасында билікті бөлісу жөнінде келісім жасасты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР СІМ, Африка,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT