ҚР СІМ ресми өкілі Каспий теңізінде уланып қалған ирандықтарға қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран тарапы Каспий теңізінде үш иран теңізшісінің уланып қалу жағдайына қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне хабарласқан жоқ. Ол жайлы ҚР СІМ-де өткен баспассөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ирандық теңізшілер туралы: Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізінде ирандық жүк кемесіндегі теңізшілердің улану жағдайын бақылап отыр. Кеме Ақтау-Баку бағдары бойынша келе жатқан. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Маңғыстау облысындағы аумақтық инспекциясы оқиғаның мән-жайын және улану себебін анықтап жатыр. Инспекция жұмысы жүргізілгеннен кейін нақты ақпарат жарияланатын болады», - деді Айбек Смадияров.

Сонымен бірге, ҚР СІМ өкілі Иран тарапы Каспий теңізінде үш иран теңізшісінің уланып қалу жағдайына қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне хабарласпағанын айтып өтті.

«Жұма күні әзербайжандық шекарашылар теңізшілердің жаппай улануына қатысты көмек сұраған ирандық «Назмехр» жүк тасымалы экипажының мүшелерін құтқарып алды. Уланғандардың үшеуі көз жұмған», - дейді ол.

Айта кетсек, бұған дейін бірқатар БАҚ-та Каспий теңізінде ирандық теңізшілердің уланғаны туралы жазылған болатын. ҚР СІМ аталмыш жағдайдан ирандық үш теңізшінің қайтыс болып, тағы он бірі зардап шеккенін растап отыр.

ҚР Сыртқы істер министрлігі осыған дейін Оңтүстік Кореяда 12 мыңға тарта қазақсандық заңсыз жүргендігін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар