ҚР СІМ орталық аппаратында қанша жас дипломат жұмыс істейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында 289 жас дипломат жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін «Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» атты кітаптың таныстырылымында ҚР СІМ орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің орталық аппаратта 289 жас дипломат жұмыс істейді. Оның ішінде 60 адам басшылық лауазымда қызмет атқарады», - деді ол.

Осы орайда министр орынбасары орталық аппараттың басшылық қызметінде 9 әйелдің барын және алдағы уақытта бұл санды ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілетіндінін айтты.

«Гендерлік теңдікті реттеу бағытында жұмыс жүргізетін боламыз. Бізде әйел елшілер де бар. Қазіргі уақытта 60 Елшінің үшеуі - әйел. Олар Бельгия, Тайланд және Швейцарияда жұмыс істейді. Дегенмен мұның өзі де ілгерілеушілік десек болады. Себебі ертеректе Голландияда ғана болған еді», - деді СІМ орынбасары.
null

Сонымен қатар ол ведомствода 2 PHD докторы, 1 ғылым кандидаты, «Болашақ» стипендиясының 18 түлегі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының 86 түлегі жұмыс істейтінін атап өтті.

«Оларға тұрақты негізде кәсіби деңгейлерін көтеруге мүмкіндік беріледі. Дипломаттарымыз Мемлекеттік басқару академиясында үнемі біліктілігін арттырып, қайта дайындықтан өтеді. Магистратурада, аспирантурада білім алады», - деді ол.

null

Соңғы жаңалықтар